ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 98,8 мың отбасындағы 517,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатта бюджеттен 67,3 млрд теңге бөлінді, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (5175 теңге) ауыстырылды.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,9 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.
- Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.- делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.