Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес елде кәмелетке толмағандар есірткі саудасына жиі тартылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, бұл – полицияның, жергілікті атқарушы органдар мен оқу орындары әкімшілігінің үйлестірілген түсіндіру жұмыстарындағы проблемадан туындауда.
- Егер 2020 жылы 15 есірткі қылмысы тіркелсе, оның бесеуі өткізуге қатысты, 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 дерекке, ал сату саны 10-ға өсті. 2022 жылы кәмелетке толмағандар есірткіге қатысты 25 қылмыс жасаған, оның жартысы, 12 дерек – есірткі сатуға қатысты, - деді брифингте ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар 2023 жылдың өткен кезеңінде қылмыстық процеске 29 кәмелетке толмаған жасөспірім тартылған, оның 13-і колледж студенті, үшеуі университет студенті және алтауы мектеп оқушысы.