Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге еліміздің түрлі өңірлерінен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Ремстройтехника» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және басқа да 20-дан астам ірі жұмыс беруші қатысады. Жәрмеңкеде әр түрлі мамандықтар бойынша 680-нен астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Іс-шараға қатысу үшін ЭЕБ порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын қарап, оларға жауап бере алады.
Аталған іс-шара Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жалғасады.