31 мамыр күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес сабақ өткізеді. Соңында әр сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді, оның мақсаты - оқу жылының қорытындысын шығару, балаларды жазғы демалыс кезеңіне дайындау, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ОКҚ -не сілтеме жасап.
Әдеттегідей мұғалім оқитын кітаптар мен көретін фильмдердің тізімін ұсынады, қауіпсіздік шаралары, қосымша білім беру ұйымдарына бару, ата-аналарға, ата-әжелерге көмек көрсету туралы айтады.
«Сынып сағатының бір бөлігі патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, достық, бейбітшілік, ел тарихына құрмет, саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу тақырыбына арналуы тиіс»,-деп атап өтті ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице - министрі Шолпан Каринова.
Жазғы демалыс 90 күнге созылады.