Оқу жылының соңында салтанатты жиындар өткізу дәстүрі сақталады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Мектептер салтанатты жиын өткізу туралы шешімді өз бетінше қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырауларды өткізу бойынша мектептің барлық дәстүрлерін қолдайды. Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінде мұндай іс-шара бұрын болмаған, қазір де жоқ екенін атап өтемін. Бұл ретте ведомство соңғы қоңырауларды биыл 1 маусымда Балаларды қорғау күнін мерекелеу форматында және іс-шара шеңберінде өткізуді ұсынады», - деді спикер.