Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заң мен құқық тәртібінің сақталуы жөнінде ақпарат берілді. Қазақстан Президенті Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде тез арада шаралар қабылдауды тапсырды. – Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.