©
12 маусым күні Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасы Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындау туралы ұсынысына келісім берді. Заңнамаға сәйкес, ҚР Президенті ұсынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына тағайындау Сенаттың келісімімен жүзеге асады. Осыған байланысты жалпы отырыста ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед сөз сөйледі. «Кәрім Мәсімов өзі жұмыс істеген лауазымдарда принципшіл, өз ісіне, Отан алдындағы борышына адал, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер ретінде танытты», - деді. Мемлекет басшысының ұсынысын депутаттар бір ауыздан қолдады.Дереккөз ҚазАқпарат