©
Қайрат Әбдірахманов ҚР Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. "Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне", — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. [caption id="attachment_75152" align="aligncenter" width="599"] Сурет tengrinews.kz алынған[/caption] "Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды",— делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Қайрат Әбдірахманов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (тарих факультетінің) түлегі. Ағылшын тілін меңгерген. Еңбек жолын тарих мұғалімі болып бастаған. 1987-1993 жылдар аралығында Қазақ политехникалық институтында сабақ берген, сол уақытта ҚазҰУ аспиранты болған.***
Дархан Сатыбалды Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды. [caption id="attachment_75153" align="aligncenter" width="590"] Сурет tengrinews.kz алынған[/caption] "Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне ", — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. "Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Дархан Сатыбалды осыған дейін Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы, 2011-2013 жылдары премьер-министр канцеляриясының әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2013 жылдан бастап екі жыл бойы Шымкент әкімі, сондай-ақ, 2015-2017 жылдары ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде болды.***
Берік Арын Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі болып тағайындалды. [caption id="attachment_75154" align="aligncenter" width="583"] Сурет tengrinews.kz алынған[/caption] "Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне", — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. "Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Берік Арын 1969 жылы Талдықорғанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Филология" мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының референті, атташесі лауазымынан бастаған. 1996 жылғы желтоқсан айынан 2001 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында қызмет еткен. 2001 жылғы шілдеден 2002 жылғы наурыз айы аралығында ҚР СІМ Африка екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы болған. 2002 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім басшысы. 2002 жылғы қыркүйек айынан 2006 жылғы ақпан айы аралығында ҚР-ның Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2006 жылғы ақпан айынан 2007 жылғы маусым аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2007 жылғы маусым - 2009 жылғы желтоқсан аралығында ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылғы желтоқсан - 2011 жылғы желтоқсан аралығында ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары. 2011 жылғы желтоқсан 2016 жылғы қазан айына дейін ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2012 жылғы ақпан 2016 жылғы қазанға дейін Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты Өкілі. 2012 жылғы мамырдан 2016 жылғы қазан айына дейін ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған. 2015 жылғы сәуірден 2016 жылғы қазан айына дейін ҚР-ның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.***
Асқар Тәжібаев Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі болып тағайындалды. "Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.