©
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.***
Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек - Алматы қаласының әкімі; Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі; Ермек Боранбайұлы Маржықпаев - Ақмола облысының әкімі; Оңдасын Сейілұлы Оразалин - Ақтөбе облысының әкімі; Амандық Ғаббасұлы Баталов - Алматы облысының әкімі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев - Атырау облысының әкімі; Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Жамбыл облысының әкімі; Ерлан Жақанұлы Қошанов - Қарағанды облысының әкімі; Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов - Қостанай облысының әкімі; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі; Болат Жұмабекұлы Бақауов - Павлодар облысының әкімі; Құмар Іргебайұлы Ақсақалов - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; Өмірзақ Естайұлы Шөкеев - Түркістан облысының әкімі; Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 маусым №22