Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, бизнесмендерді қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуден тыс қалмауға шақырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының айтуынша, "адами капиталға салынған инвестициялар да маңызды: заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, мықты университеттер салу, туризмді дамыту".
"Біз сіздердің тараптарыңыздан қайырымдылық акцияларына да үміт артамыз. Қазір елімізде мектептердің, студенттік жатақханалардың, жастарға арналған спорт нысандарының жетіспеушілігі өткір проблема болып отыр. Сіздің көмегіңіз ел үшін үлкен маңызға ие болар еді", - деді Президент.