Қазнетте тағы бір фейк ақпарат тарады. Хабарламада қазақстандық банктердің бірі елдің әрбір азаматына ай сайын 117 700 теңге төлеуі тиіс екені атап өтілген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Пост Instagram желісінде пайда болды. Бұл алаяқтардың ісі деп жазады Stopfake.kz банк мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Алаяқтар әрекетін белсенді жалғастыруда. Абай болыңыз және берілген сілтемеге өтпеңіз. Банк өнімдері, қызметтері және жүргізіліп жатқан акциялар туралы барлық өзекті ақпарат сайтта орналасқан", - делінген банк хабарламасында.
Сондай-ақ, фактінің сенімсіздігі жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп қол қойылған парақтың атынан таратылуынан көрінеді. Бұл Гранд Рапидс, Мичиган, АҚШ-та орналасқан коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдерді уәде ететін жарнамаға нақты тапсырыс бере алатыны туралы ақпарат жоқ.
Сондай-ақ, жарнамада көрсетілген сілтемені басқан кезде, пайдаланушылар аты жоқ сайтқа түседі, бұл оның жойылғанын немесе бұғатталғанын көрсетеді.