Бұл шетелдіктер үшін ерекше жағдайларды қарастыратын инвестициялық визалар мен құнды дағдыларға арналған визалар болмақ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар кешені ұсынылды. Енді алдағы бес жылда елімізде бағалы дағдыларға арналған визалар мен инвестициялық визалар енгізіледі, онда оларды алатын шетелдіктер үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.
“Мұнда сондай-ақ, Қазақстанға қажет мамандықтар бойынша 100 үздік шетелдік маманды тарту тетігі қарастырылатын болады. Бұл мамандардың міндеті – өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтардың білімі мен біліктілігін арттыру. Инвестициялық виза Қазақстан Республикасының экономикасына 100 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу құқығын бермек. Виза иесі бизнесін тіркей алады, меншік иесі болып, қаржылық операцияларды жүргізе алады. Бұл Қазақстанға жылына 100-ге дейін бизнес-инвесторларды тартуға жол ашпақ, әсіресе шығармашылық индустрияны дамыту қолға алынбақ, - делінген Еңбек министрлігі мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, танымал мамандықтар бойынша 100 үздік оқытушы мен жаңа технологиялар бойынша ғалымдар тартылмақ. Шетелдік ғалымдар мен оқытушылар үшін ұзақ мерзімді (10 жылға дейін) «ғылыми-педагогикалық визалар» елде тұруға рұқсат алу, кейіннен Қазақстан азаматтығын алу құқығымен қамтамасыз етіледі.