Бүгін сағат 15.00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт ауыздықталды. Бұл туралы жедел штаб басшысы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жалын 43 мың гектарды шарпыған. Жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылды.
«Жанудың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Восток РМК жеке құрамының инженерлік техникасы жерді жырту жұмыстарымен айналысатын болады. Сонымен қатар ТЖМ полкінің жеке құрамы командирлермен бірге және Қостанай облысының бөлімшелері жұмыс орнына оралу туралы шешім қабылданғанға дейін оқиға орнында қалады. Қалған бөлімшелер кешке дейін жұмыстарын жүргізіп, тұрақты жұмыс орындарына оралады»,-деді Юрий Ильин.