Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек",-деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ел Президенті мемлекет қаржысын оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермей, субсидия бөлу және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керектігін тілге тиек етті.