Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты экономикалық өсім нақты, болжамды салық саясатына тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Фискалдық реттеуді қайта бастау үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады. Оның ең проблемалы блогы – салықтық әкімшілендіруді толығымен жаңарту қажет. Сондай-ақ кез келген бетпе-бет өзара әрекеттесуді болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету қажет», - деді Қ. Тоқаев.
Сондай-ақ ол өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек сауда салығын қолдануды кеңейту қажеттігін қосты.
«Салық реформасы аясында «сән-салтанат» деп аталатын салықты енгізу мәселесін қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көлік сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді», - деді Қазақстан Республикасының Президенті.