Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде күн суытады, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Бүгін күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде — жаяу бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массаларының келуімен республика бойынша ауа температурасы күрт төмендейді,
Маңғыстау облысында түнде -18 градусқа дейін, күндіз -12 градусқа дейін аяз күтіледі.
Екінші онкүндікте республика бойынша аяз бәсеңдейді. Ал үшінші онкүндікте ауа температурасы республиканың солтүстік бөлігінде түнде -28 градусқа дейін, күндіз -20 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде -15 градусқа дейін, күндіз -8 градусқа дейін түседі.