Бүгін Ақтау тұрғындары түнде жер сілкінгенін жазды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жер сілкінісін Ақтаудың төменгі шағынаудан тұрғындары анық сезген.
Жер асты дүмпулері облыс орталығынан 1227 шақырым жерде тіркелген. Оның магнитудасы – 4,5. Тереңдігі –10 км.
Дегенмен әзірге ешқандай нақты дерек жоқ. Толық ақпарат алу үшін mangystaumedia.kz сайтының редакциясы сейсмологтардан жауап күтеді.