Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Президент бағаларды әкімшілік реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, тауар тапшылығына және импортқа тәуелділікке әкелетінін атап өтті.
-Баға белгілеуге мемлекеттің араласуын кезең-кезеңімен алып тастау қажет. Монополистердің тарифтері қатаң бақылауда қалады. Бірақ бақылау қысым дегенді білдірмейді, - деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол жаңа тарифтік саясатқа көшу қажеттігін де атап өтті.
-Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозған. Тарифтерді жасанды тежеу электр жарығын сөндіруге, жазатайым оқиғаларға, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Монополиялық нарықтарда «Инвестицияларға айырбас тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшу қажет.Желілер мен қуаттардың амортизациялық көрсеткіштерін кемінде 15%-ға төмендету қажет, - деді елмПрезиденті.