Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінетін көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оларды заңдастыру үшін ел Президенті кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын бір реттік алым алуды ұсынды.
-Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік рәсімнен өткен көліктерге қатысты болуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.