Биыл Бурабайда, Алматы облысының Ұлттық парктерінде, сондай-ақ "Шымбұлақта" туристер саны екі есеге артты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сілтеме жасап.
Ұлттық парктерде, әсіресе Бурабай, Алакөл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтарында, Алматы өңірінің ұлттық парктерінде, Маңғыстауда қоқыс контейнерлерінің жетіспеушілігі байқалады.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бір күн ішінде ұлттық парктер мен курорттық аймақтардан қоқыс шығаруды, сондай-ақ онда қоқыс контейнерлерін орнатуды тапсырды.
Сондай-ақ, ол демалыс аймақтарындағы құтқарушылар санын көбейтуді, туристік полиция қызметін енгізуді және туристердің шағымдары мен ұсыныстарын жинау процесін цифрландыруды да тапсырды.