Бұдан былай рейсі кешіккен жолаушылар әуе компанияларынан өтемақы талап ете алады. Бүгін бірінші оқылымда мақұлданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай норма бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Енді рейс кешіккен жағдайда, әуе компаниясы әр сағатқа билет бағасының 3%-ын төлеуге міндетті болады.
- Рейстері жиі кешігетін әуе компаниялары бар. Бұл заң оларды тәртіпке келтіреді деп үміттенеміз. Азаматтар рейстің кешіккен әр сағаты үшін билет құнының 3%-ын қайтара алады. Алайда жалпы сомма билет бағасынан аспауы керек, – деді депутат Альберт Рау.