• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Маңғыстауға келді

    [ 2022 ] 30 мамыр, 17:06  |  Қазақстан жаңалықтары

    Палата Спикері алдымен Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті. Жиында Ерлан Қошанов елдегі елеулі оқиға қарсаңында Маңғыстау өңіріне арнайы келгенін айтып, алдағы референдумның мән-маңызына ерекше тоқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

    Мәжіліс Төрағасы маңғыстаулықтардың Президенттің саясаты мен жаңа бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүргеніне назар аударды.

    «Ел алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін халқымызға ауызбірлік керек. Ендігі кезекте Президентіміздің жанына топтасып, ел өміріне оң өзгеріс әкелетін реформаларды жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз. Осы орайда маңғыстаулық азаматтарымыздың Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз», – деді Ерлан Қошанов.

    Мәжіліс Төрағасы Президент реформаларының басым бағыттарын түсіндіріп, жаңа нормаларға жайлы кеңірек айтып берді.

    «Партияларды тіркеу талаптарының төмендеуі – жаңа саяси бірлестіктердің пайда болуына жол ашады. Мұның бәрі елдің саяси өмірін жандандыратыны сөзсіз. Парламенттегі талқылау да қыза түсері анық. Мемлекет басшысының пікірталас көшеде емес, Мәжіліс пен мәслихатта болуы керек деген сөзі іс жүзіне асуда. Енді өз күшіне сенген адамның мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы депутат болуына мүмкіндігі бар. Маңғыстауда ондай азаматтар жеткілікті деп ойлаймын», – деді Палата спикері.

    Сонымен қатар Ерлан Қошанов Конституциялық сот құрылып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілуі әділдік іздеген азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

    Сондай-ақ Палата төрағасы Конституциядағы жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген нормаға қатысты өз ойын білдірді.

    «Бұл өзгертуді Мемлекет басшысы өзі ұсынды. Оның құқықтық мәнінен гөрі, идеологиялық, саяси және моральдік салмағы өте зор. Өйткені, байтақ жеріміздің бір ғана иесі болуы мүмкін. Ол – халық. Осы өзгертумен біз бұл қағиданы тағы да бір шегелеп отырмыз. Бұл норма әр адамның өз туған жеріне деген жауапкершілігін арттыра түседі. Бір ғана мысал, Бозжыра шатқалындағы оқиға бәріміздің есімізде. Сол жолы сіздер өз өлкелеріңізге немқұрайлы қарамайтындықтарыңызды көрсеттіңіздер. Бұл – туған жерге деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Алматыдағы Көкжайлау мәселесі де естеріңізде болар. Президент осындай маңызды мәселелер бойынша әрдайым халықтың пікіріне құлақ асып, әрдайым әділ шешім қабылдап отыр», – деді Мәжіліс Спикері.

    Ерлан Қошанов конституциялық реформа меритократия мен әділдікті орнату үшін қажет екенін атап өтті.

    «Азаматтар елдің өміріне араласып, қызметтік және әлеуметтік өрлеуге тең мүмкіндік алуы керек. Саяси өзгерістер еліне адал, қолынан іс келетін, ақыл-ойы ұшқыр әрбір азаматтың жолын ашу үшін қолға алынды. Сондай-ақ бұл түзетулер монополия мен олигополияны жойып, бизнеспен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді», – деді Палата Төрағасы.

    Кездесуде Палата Спикері Маңғыстау өңіріндегі бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Олар – ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыссыздық, жем-шөп тапшылығы және тағы басқа әлеуметтік жайттар.

    Ерлан Қошановтың айтуынша, облыстың ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы Президентіміздің ерекше назарында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр өңір дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданған.

    «Бір ғана кешенді жоспардың аясында аймақта біраз ірі мәселе шешімін тапқалы отыр. Ендігі негізгі міндет – оны толық іске асыру. Бұл Мәжіліс депутаттарының, «AMANAT» партиясының бақылауында болады. Қажет болған жағдайда Парламенттік тыңдау өткіземіз», – деді «AMANAT» партиясының Төрағасы.

    Ерлан Қошанов партияның жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын екенін айтып, оның қатарына мемлекетшіл азаматтар келуі керектігіне ерекше мән берді.

    Сөз соңында Ерлан Қошанов облыс жұртшылығына республикалық референдумға белсенді атсалысуға шақырды.

    Сонымен қатар Палата Спикері жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының жұмысымен танысып, Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Онда көп балалы аналар мәселесін талқылап, оларды толғандырып отырған ең өзекті сұрақтарға жауап берді.

    Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетін аралап, оқытушылармен және студенттермен әңгімелесті. Алдағы саяси науқанға үн қосып, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етуге шақырды.

    Сонымен бірге Ерлан Қошанов «Қошқар ата» қалдық қоймасына барып, өңір экологиясын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

    Сапар соңында «Total» компаниясына барып, мұнай кен орындарындағы жұмыскерлермен сөйлесіп, референдумның мән-маңызын талқылады.

    Өз кезегінде Маңғыстау мұнайшылары Президенттің саяси реформаларын қолдайтындықтарын жеткізіп, референдумға қатысатындықтарын айтты.

    Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

    935
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Рейс кешігіп ұшса, әуе компаниялары жолаушыларға өтемақы төлейді

    Келесі жаңалық

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        ЖарнамаРухани жаңғыруСпортМұнайлыХабарландыруҚазақстан жаңалықтарыМәдениетРедакция ұжымыТағайындау

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      8580

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3554

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3490

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1848

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      879

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      774

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»