Бас прокуратура анонимді үгіт материалдарын таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті. Бұл құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және 25 АЕК (76 575 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ztb_qaz сайтына сілтеме жасап.
«Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге үгіттеуге, республиканың тұтастығына нұқсан келтіруге, мемлекеттің қауіпсіздігіне, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, мүліктік және тектік артықшылыққа нұқсан келтіруге, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа үгіттеуге болмайды. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев.