Президент жарлығымен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», - делінген Жарлықта.
Олар:
Әбдібеков Төлеуғал Насырханұлы(марқұм) - 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені;
Несмиянов Александр Александрович(марқұм) - 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі;
Сүлейменов Ыбырайым(марқұм) - 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.