ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені қайтаруға ниетті адамдар әлеуметтік төлемді банктердің смартфондардағы қосымшасы арқылы қайтара алатынын мәлім етті.
«42 500 теңге» әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі төтенше жағдай тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заң жүзінде қайта тексеріледі. Әр өтінімге қатысты ұсынылған деректердің шынайылығына жауапкершілік жүктелген, оның ішінде, әлбетте басты себеп – төтенше жағдай кезіндегі шектеулер салдарынан табыстан айырылу. Осылайша, ел азаматы «42 500 теңге» төлемге өтінім бере отырып, төтенше жағдай уақытына дейін кірісі болғанына және оны жоғалтқанына кепілдік беретінін растайды. Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылуы олардың жасаған заңсыз әрекетіне байланысты болады. Әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы Қылмыстық кодекстің аясында қарастырылады (190, 195 баптар)», - делінген министрлік хабарламасында.
Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, онда 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады:
Алушының атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ
БСН: 160440007161
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ67009SS00368609110
ТТК: 049
Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады.
Дереккөз ҚазАқпарат