Бұл туралы Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Маңғыстау облысы әкімдігінің фэйсбук парақшасында жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ол мұқтаж адамға көмегін аямаған 9 жасар Сабинаны Нұр-Сұлтан қаласына шақырып, Парламентті аралататыны жөнінде пікір қалдырды.
«Айналайын, бақытты бол! Нұр-Сұлтан қаласына арнайы шақырамын, Парламентті аралатып көрсетемін. Ең жақсы планшетті өзім алып беремін! Бүкіл Қазақстанға қазақтың алғыр, қайсар, қамқоршыл қызы екеніңді көрсеттің! Сені тәрбиелеген әке-шешеңе, отбасыңа, білім беріп жүрген ұстаздарыңа, адамгершіліктің үлгісін көрсеткен өзіңе мың алғыс!», - деп жазды Нұртай Сабильянов.
Оқи отырыңыз: Үйсіз кісіге қайырымдылық жасаған ақтаулық бүлдіршінге ел сүйсінді