Жақында Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің басшылық және жеке құрамының қатысуымен кездесу өтті.
ҚР ҚК 146 бабымен тіркелген қылмыстық істер бойынша Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Л.Тайлақ ҚР ҚПК 200 бабының 1 тармағының талабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды және заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарымен таныстырып өтті.
Департамент басшысы Б.Жылқыбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, жеке құрамға заңбұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді жұмыс атқару қажеттілілігін атап өтті.
Кездесу соңы «1424» көркем фильмін тамашалаумен аяқталды.