Бұл туралы бүгін қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Нұргүл Жанназарова айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нұргүл Жанназарованың мәліметінше, 2017 жылдан бері пилоттық режимде енгізілген мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа факторлы-балдық шкаласы өңірдегі еңбек нарығында мемлекеттік қызметке деген бәсекелестіктің артуына ықпал еткен.
Сондай-ақ, Маңғыстау әкімдігінде бос орындар саны 7,5%-ға азайып, мемлекеттік қызметтен кеткендер саны 2 есеге төмендеген. Ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы жойылып, халықтың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы артқан.
Маңғыстау әкімдігінде біліктілігі жоғары мамандар қатары көбейіп, облыстық жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің квазимемлекеттік секторларда тағылымдамадан өту тәжірибесі енгізілген.
Айта кетейік, 2019 жылы маңғыстаулық 2 қызметкер республика бойынша ең үздік 10 мемлекеттік қызметкер қатарына енді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ