• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Ақтауда әскери ардагерлердің бөлмесі бар

[ 2020 ] 15 қаңтар, 15:13  |  Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында өңіріміздің ардагер полковнигі Нұрлыбай Қонақбаев ағамыздың 1 дәрежелі «Ел Қорғаны» медалімен марапатталғанын естігенбіз. Жақында «Қарулы күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрлыбай Данабайұлын жоғары марапатымен құттықтаудың сәті түскен.

Алтын жабынды, гауһар таспен безендірілген мұндай медаль сол күні елміздің үш әскериіне бұйырды. Жерлесіміздің төсіне медаль таққан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы М.Бектанов оны ҚР Қарулы күштерінің дамуына, Армиямыздың қорғаныс қабілетін нығайту ісіне үлес қосқаны және өскелең жас ұрпақтардың әскери-патриоттық жұмыстарына белсене араласқаны үшін Грамотамен де марапаттады. Мұндай марапаттар Н.Қонақбаевтың ұзақ жылдар бойы ел тыныштығына қосқан мінсіз үлесімен қатар Жауынгерлік даңқ бөлмесін ашқан белсенділігіне берілген баға десек те болады. Өйткені, шамасы келсе, әскерден қалуға тырысатын бүгінгі ұрпақты әскери өмірмен таныстырып, оның маңызды екенін бала санасына сіңіре білу оп-оңай шаруа емес.

Мектеп партасынан кейінгі ғұмырын ел-жұртының амандығын күзетуге арнаған Нұрекең жұмыссыз бос жату дегеннің не екенін білмейтін кісі. Бейбіт өмір үшін күндіз-түні кірпік ілмей тынымсыз жұмыс істеген әскерилердің зейнетке шығып алған соң үйінде бос жатқанын құптамайды да.

Ол Түрікменстанның Шағадам өңірінде дүниеге келді. Әкесі Данабай Қонақбайұлы 1941 жылы Красноводск (қазіргі Түрікменбашы) қаласындағы педучилищені бітірген соң мектепте аз уақыт жұмыс істеп, соғысқа аттанады. Алайда екі жылдан соң жараланып, елге оралады. Келген соң ұстаздық қызметіне кірісіп, зейнетке шыққанынша балаларға білім мен тәрбие берген.

Ал Нұрлыбай аға өзінің әскери мамандыққа қалай келгенін, осы жолда оқуға қалай түскенін қызықты етіп әңгімелеп берді.

- Мекепті бітіретін жылы бір ұшқышты көрдім, Чөрли деген түрікмен жігітін, - дер еске алды ол. - Үстінде ұшқыштың көк формасы бар. Оған қызыға да, қызғана да қарап, мен де осындай ұшқыш болам деген мақсат қойдым алдыма. Көп ұзамай мені әскери комиссариатқа шақырып, сол жерде менен «әскери училищеге барасың ба?» деп сұрады. Мен ойланбастан келісе кеттім. Сол жерден мені Ашхабад қаласына жіберді. Ол жақта әскери оқу орындарына абитуриент іздеп жүргендер көп екен. Мен ТУ-16 алыс авиация ұшағына орай Ачинск деген қаланы таңдадым. Арманым осы ұшақты тізгіндеу еді. Сонымен, сегіз күн жүріп, Красноярск өлкесіндегі Ачинск қаласына жетіп, оқуға түсу емтихандарын тапсырдым. Бірақ физика пәніне тапсыратын кезде қатты қобалжығаным рас. Емтихан өтіп жатқан аудитория есігінің алдында тұрған бір баланың қолында «Физика» оқулығы бар екен. Соны бір ақтарып шыққанымда линза туралы тақырып көзіме түсті, оның формуласын да көріп алдым. Менің бір жақсы қасиетім — кітаптан бір көргенім жадыма сурет сияқты түсіп қалатыны. Сондықтан оқулықты бір қарап алғасын тездетіп ішке кіріп кеттім. Суырған билетімдегі сұрақтардың жауабы көз алдымда сайрап тұр. Соларды ұмытып қалармын деен қауіппен со бойда жауап беруге кірісіп едім, емтихан алушылар күмәнмен қарады ма, алыстан келген қазақ не білер дейсің деді ме, бірінші сұрақты толық айтып болғасын «формуласын жаза аласың ба?» деп сұрады. Тақтаға формуласын айна-қатесіз жазып шыққанымда мұғалімдер бастарын шайқап, «бар кете бер» деді. «Ау, 2-3-сұрақтарға жауап бермеймін бе?» десем, «кете бер, жарадың» деді. Кейін Баку әскери округіне түсіп, сондағы истребитель авиациясында болдым. 1993 жылы әкем қайтыс болғанға дейін Красноводскіде де ұзақ жылдар жұмыс істедім. Сол жылдар ішінде Қазақстанның кез-келген жеріне бірнеше рет сұрансам да жібермеген еді. Ақыры сол жылы Маңғыстауға қоныс аудардым.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

1640
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары Қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолын күзетеді

Келесі жаңалық

Жастарды мәдени және спорттық іс-шараларға тарту жөніндегі меморандумға қол қойылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2630

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2611

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5767

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4614

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3280

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    3022

    Рубрикалар

      Біле жүріңізБейнеуМаңғыстауМаңғыстау жаңалықтарыЖарнамаӘлем жаңалықтарыДенсаулықТүпқараған

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    2409

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    3062

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    1054

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    1116

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    3043

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    1106

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»