Ертең Ақтауда белгілі қылқалам шебері Лейла Ахмет Отманның «Начало» атты көрмесі ашылады. Бұл шараның басты мақсаты - Каспий итбалықтарын зерттеу және халық назарын соған аударту. Көрме аясында Лейла Ахмет Отман шығармашылығымен байланысты бірқатар іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ, суретшінің балалар үйі мен көркемсурет мектептерінің тәрбиеленушілеріне арналған авторлық шеберлік сыныптары мен конкурсын өткізу қарастырылған. Айта кетейік, аталған көрме «Әлем сенің қолыңда» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл жоба Қазақстан фаунасын қорғау және сақтауға арналған.