Бір аптаға созылған Маңғыстау облысының өңірлік инновациялық форумының бұл күнгі тақырыбы PR мен медиа болды. Спикерлер Еділ Жаңбыршин мен Бекзат Жүсіп осы тақырыпты барынша кеңінен талқылап, өз ойларымен бөлісті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Спикер Еділ Жаңбыршин қоғамның PR туралы түсінігінің "шикі" екенін айтты. Жұртшылықпен байланыс әсіресе мемлекеттік мекемелерде мүлдем жоқ екенін жасырмады. Сондай-ақ жұртшылықпен қалай тиімді байланыс орнату жолдарын көрсетті. Ал "Маңғыстау" телеарнасының директоры Бекзат Жүсіп медианың даму қарқыны жөнінде сөз қозғады. Теледидар аудиториясының талғамына қарай хабар дайындау медиада маңызды екенін жеткізді. Ал форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы әрі Mediana Services Limited IT компаниясының техникалық директоры Өмірбек Құрбанбаев жалпы медиа жұмысын жүргізуде жаңа бағытта жасалатын қызметтер туралы сөз қозғады. PR және медиа тақырыбы шеңберінде депутат Аббат Өрісбаев пен "Маңғыстау Медиа" директоры өз пікірлері мен ұсыныс-тілектерін айтты. Форумға қатысушылар тарапынан қойылған біршама сұрақтар мен мәселелер талқыға салынды. Айта кетейік, Маңғыстау облысының өңірлік инновациялық форумын ұйымдастыруда жетекшілік еткен Mediana Services Limited IT компаниясы.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ