"RIFMO-2019" IT саласы аясында Ақтауда өтіп жатқан форумда Мangystaumedia.kz сайтының жаңа дизайны көпшілікке таныстырылды. Жақында іске қосылатын сайтқа толықтай ребрендинг жасалды. Онда сайттың логотипі мен дизайны жаңа форматта жасалған. Таныстырылым барысында сөз алған сайт редакторы Мәдина Керімқұл ақпарат құралы туралы жан жақты айтып өтті. "Біз сайтымызды заманауи тренттерге бейімдеу мақсатында ребрединг жүргізіп, оқырмандар үшін барын ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. Жалпы, Мangystaumedia.kz сайты облыс бойынша қазақ тілінде ақпарат тарататын бірден бір ақпарат көзі. Алдағы уақытта ақпараттарымыз орыс тілінде де таратады. Сонымен бірге ағылшын тілінде де ақпарат беруді қолға алмақпыз", деді сайт редакторы. Өз кезегінде сөз алған Mediana Services Limited IT компаниясының техникалық директоры Өмірбек Құрбанбаев сайттың жаңа дизайны жайлы жиналған көпшілікке толық мағлұмат беріп, кеңінен тарқатты. Айта кетейік, "RIFMO-2019" IT саласындағы форум Ақтау қаласында бір апта бойы өз жұмысын жүргізіп, бизнес, мемлекеттік және бизнес секторы, медиа саласындағы цифрландыру, ІТ мәселесін кеңінен талқылады.