Tesla 21 қарашада Лос-Анджелесте электрлі жүк көлігін таныстырады
[ 2019 ] 7 қараша, 11:01 | Жаңалықтар
Бұл туралы Илон Маск өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Cybertruck 21 қарашада Лос-Анджелесте SpaceX зымыран зауытының жанында таныстырылады», — делінген хабарламада.
Cnet.com порталының хабарлауынша электропикаптың дайын нұсқасы не жобасы таныстырылатыны әзірге анық емес. Илон Маск машинаны қыркүйек айында шығаруды жоспарлаған, алайда кейіннен қараша айына ауыстырды.
Айта кетейік, жүк көлігі алты адамға арналған, 50 мың доллар тұрады. Алдағы уақытта компания бағасын төмендету туралы айтқан. Сондай-ақ, машинаға 400-500 миль жүру үшін (640-800 км) бір реттік заряд жеткілікті.
653
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.