Ақтау тұрғындарының арызы жауапсыз қалмады
[ 2019 ] 11 қараша, 06:52 | Жаңалықтар
Бүгін редакциямызға 17 шағынаудан тұрғындарының алғысын арқалап зейнеткер Амандық Айдабаев келді. Ол Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовқа, Ақтау қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиолла Сахиповқа және «Caspiу – Operating» ЖШС-ның директоры А.Пірімкұловқа рақметін жеткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындар екі мәселе бойынша өз арыздарын жергілікті билік өкілдеріне жеткізген болатын. Бірі – қоғамдық көліктің жайы болса, екіншісі – қоқыс салатын контейнердің жеткіліксіздігі.
«Екі ай бұрын қалалық әкімнің және «Нұр Отан» партиясы филиалының қабылдауына бардым. Онда №5 қоғамдық көліктің 16 мен 17 шағынаудан аралығын айналып өтуін қамтамасыз етуді сұрадық. Ал «Caspiу – Operating» ЖШС–ның директорына 17 шағынауданда қоқыс салатын контейнердің аз екендігін жеткізген болатынбыз. Көп ұзамай екі мәселе де өз шешімін тапты. Тұрғындар атынан алғыс айтамын», - деді 17 шағынаудан тұрғыны, зейнеткер Амандық Айдабаев.
Аз уақыт аралығында шағынаудан екі қоқыс салатын контейнермен толықты. Сондай-ақ №5 бағыттағы автобус тұрғындардың тиімділігі үшін 16-17 шағынауданды аралап, жолаушыларға қызмет етуде.
Сөз соңында зейнеткер «Қоғамдағы мәселелер барлығымызға қатысты. Сондықтан да оны шешу үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек», - деді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
1237
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.