• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    «Каспий» командасы Қазақстан Премьер-лигасына өтті

    [ 2019 ] 7 қараша, 05:17  |  Жаңалықтар

    Ақтау халықаралық әуежайында жуырда ғана футболдан Қазақстан Премьер-лигасына өткен «Каспий» футбол командасын облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев пен бір топ жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды. «Иә, солай, біздің «Каспий» осындай» деп ұрандатқан бірнеше автобус жалдаған футболсүйер қауым қала әуежайын бір сәтте лық толтырды. Ол жерде ойыншыларға арналған қазақы шұбат, бауырсақ, балқаймақ, құрт толы дастархан әлдеқашан жайылып қойған. Футболшылар негізгі залға шыға салысымен, әдемі қазақ көйлек киген төрт қыз шашу шашып, жанкүйерлер «Адай» күйімен қарсы алды. Көптен күткен қуанышты кездесуде бірінші болып Қ.Жұмашев сөз сөйледі. — Бүгін - Маңғыстауда ақ түйенің қарны жарылған күн. 18 жыл бойы күткен сәт туды. Баршаңызды осы күнмен құттықтаймыз. Бәрімізге мәлім, біздің облысымыз спорт жағынан жақсы дамыған. Алайда футболымыз бірнеше жыл ақсаңдап тұрды. 18 жылы бойы жоғарғы дивизионға өте алмай келдік. Бірақ біз өттік, қолымыздан келді. Облыс әкімдігінің атынан «Каспий» клубын құттықтаймын, — деді облыс әкімінің орынбасары. — Әрине, бұл - барша команданың жеңісі, жемісі, дегенмен клубтың бас бапкері Сава Ковачевичке алғысымызды жеткізгім келеді. Былтырдан бері клубқа облыс әкімдігі өте үлкен қолдаулар көрсетті, футболшыларымызға жақсы жалақы төлей бастадық. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. «Стадион қашан салынады?» деген жанкүйерлер сұрағына Қ.Жұмашев: «Құрылысты келесі жылы бастаймыз!» — деп, жиналған қауым мен команда өкілдерін бір қуантты. — Маусым ұзақ әрі қиын болды. Жыл басында Премьер-лигаға шығу керек деп алға мақсат қойдық. Футболшыларды психологиялық тұрғыдан дайындау қиын болды. Премьер-лиға шығуға лайықты деп ойлаймыз. Жеңілістерімізге қарамастан, өз жолымызды сенімді жалғастырдық. Қала және облыс әкімдіктеріне, спорт басқармасына алғысымыз шексіз. Бұл тек клубтың ғана емес, баршамыздың жеңісіміз,— деді өз кезегінде черногориялық маман. Сондай-ақ бас бапкер команданы келесі жылы да жаттықтыратын мәлімдеді. Кездесуде Бірінші лиганың осы маусымдағы сұр мергені, «Каспий» шабуылшысы Айдос Тәттібаев да өз сезімдерімен бөлісті. Жанкүйерлерді құттықтай отырып, Премьер-лигада дәл осындай көрсеткіш көрсететіне сенімді екенін жеткізді. «Каспий» осы маусымда Бірінші лигадағы жолын 6 сәуірде теміртаулық «Шахтер-Болатқа» қарсы бастады. Содан бері ақтаулықтар 26 матч өткізіп, оның 17-сін жеңіспен аяқтаса, не бары төрт рет жеңіліп, бес рет тең ойнады. С.Ковачевичтің ойынша, «Каспийдің» ең мықты қарсыласы «Қызылжар» командасы болған. «Каспий» петропавлдықтармен екі рет жүздесіп, екі рет ұтылып қалды: Петропавлдағы ойында 1:0, Ақтаудағы кездесуде 0:2 есебімен есе жіберді. Соңғы турға дейін каспийліктердің Премьер-лигаға шығар-шықпасы белгісіз болды. 25-турдың қорытындысы бойынша, «Каспий» екінші орында 53 ұпаймен тұрса, үшінші орынға 52 ұпаймен «Алтай» командасы жайғасқан-ды. 26-турда ақтаулықтар «Шахтер-Болаттан» 0:3 есебімен басым түсті. Ал «Алтай» «Екібастұзбен» тең ойнап, төртінші орынға түсіп қалды. Үшінші орынды өз алаңында «Астана М» командасын жеңген «Ақжайық» клубы иеленді. Олар енді ҚПЛ-ға өтуі үшін «Таразбен» кездесетін болады. Айта кетерлігі, Бірінші лигада енді «Қызылжар» мен «Каспий» командалардың орнына «Атырау» мен «Ақтөбе» ойнайды. Олар ҚПЛ-да тиісінше 11 және 12-орындарды иеленіп, келесі маусымда жоғарғы дивизонда өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды.

    Арай ЖАУПЕРОВА

    1219
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам спорт маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

    Келесі жаңалық

    "Жаңаөзен сүт зауыты" тәулігіне 10 тонна өнім өндіреді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Жаңаөзенде «Арлан» спорт кешені ашылды

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 09:46
      2235

      Ақтауда еркін күрестен Х республикалық турнир аяқталды

      [ 2019 ] 9 желтоқсан, 10:38
      1431

      «Маңғыстау шахмат федерациясы» Ақтау қаласында үш ірі республикалық турнир өткізеді

      [ 2019 ] 21 қараша, 09:55
      2311

      Әбу-Бәкір Жәнібеков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

      [ 2019 ] 21 қараша, 07:57
      1269

      Маңғыстаулық спортшылар Азия чемпионатында 35 медаль жеңіп алды

      [ 2019 ] 19 қараша, 09:52
      1081

      Әділбек Ниязымбетов жаңаөзендік меценатқа "Lexus 570" автокөлігін сыйға тартты

      [ 2019 ] 14 қараша, 10:14
      1580

      Рубрикалар

        СаясатАшық қоғамБайланыс мәліметтеріБіле жүріңізЖаңалықтарҚызық дерекАНТИКОРТүпқарағанМаңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3230

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2984

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2823

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3281

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3092

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3066

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»