Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 21 жыл бұрын зайырлы, құқықты, біртұтас Қазақстанның басты құндылықтары болып табылатын – адам және оның өмірін, құқы мен еркін жариялай отырып, еліміздің Негізгі заңын қабылдаған едік.
«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз».
Мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуы біз таңдаған жол арқылы, яғни, халықтың ынтымағы, қоғамдық және рухани өмірдегі келісімге қол жеткізу, саяси тұрақтылықпен мүмкін болып отыр. Қазақстандық қоғамды демократияландыру мен азаматтардың бостандығын қамтамасыз еткен, өмірдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға сенімді кепілдік бола білген, ол – Конституция. Ата Заң.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тарихы да болашаққа алып баратын шамшырағын, яки Негізгі заңның өміршеңдігін дәлелдеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты – құнды, рухани-көрегенді қуаты бар құжатты жасауға руxтандырған, мемлекетіміздің жасампаз күші – халық болып табылады.
Алдымызда Қазақстанды өркендету жолында зор міндеттер тұр, бұл қасиетті істе әрбіріміздің қосар үлесіміз мол. Конституцияның жоғары әлеуметтік қағидаларына деген бейілділік – біздің құрметті де киелі парызымыз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді сындарлы мерекемен шын пейілден құттықтаймын! Баршаңызға бейбіт өмір мен амандық, бақыт пен мейірімділік тілеймін! Әрқайсымыздың еркін де айқын өмір сүруіміз үшін Ата Заң кепілдік береді. Ендеше еліміздің Басты Заңының аясында Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы мігірсіз күрестің үстінде табысайық!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев