Қазақстанның бірқатар қалаларында құрылып, қайырымдылық туын көтерген "Қайырымды жандар" еріктілер тобы Ақтау қаласында да жұмыс жасай бастады. Алматылық ару Айдын Тоқсанбаеваның бастамасымен пайда болған бұл топ шілде айынан бастап игілікті істерге білек сыбана кірісіп, мүжәлсіз отбасыларға көмек қолын созып үлгерді. Мейірімділікті көксеген қайырымдылық тобының ендігі атқарар ісі, көздеген мақсаты - 100 ата-әжеге кеш ұйымдастыру.
Өмірдің бейнетін көріп, зейнетін тата алмаган жалғызбасты қарттарға қуаныш сыйлау мақсатында қасиетті Құрбан айт мерекесінің екінші күні - 13 қыркүйекте Ақтау қаласындағы "Жасдәурен" мейрамханасында "100 Ата-әже қайырымдылық кеші" өтпек. Бұл сауапты іске атсалысып, қарияларды шадыман шаттыққа бөлегіңіз келсе қайырымдылық кешке билет сатып алып, той қонағы болыңыздар! Билет құны - 4000 теңге. Барлық сұрақтар бойынша 87025520001, 87024169545 нөмірлеріне хабарласыңыз. Жақсылық жасауға асығайық, ағайын!