Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Серікбай Өтелгенұлы: ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай халықты көптен бері толғандырып жүрген жер мәселесіне нүкте қойып, жер шетелдіктерге сатылмайтындығын, экономикамызды әртараптандыру қажеттігін айтты және 55 зауытты салу мәселесі шындыққа жанаспайтындығын ескертіп, мән-жайды түсіндірді. Кездесуге шамамен 300-ге жуық азамат жиналды.