"Қаламқас" кен орынында мұнай игеріле бастағанына биыл 40 жыл. Атаулы мереке аясында мұнайшылар қалашығы - Қаламқаста ерекше мереке өтті. Облыс орталығынан шалғайда жатқан жұмысшылар кентіне кіре берісте стелла ашылды. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы ардагерлері мерекеге арнайы барып бүгінгі буынды мерейтоймен құттықтады. Ал компания басшылары мұнайшылардың еңбегіне алғыс айтты. Осылайша мереке күні жас та, қартта құрметке бөленді. Қаламқас кен орны 1979 жылы пайдалануға берілді. Ол 1980 жылы алғашқы миллион тонна мұнайын, 2005 жылы 100 миллионыншы тонна «қара алтынын» өндірді. Кеніштің іргесі қаланған 40 жылдың ішінде мұнайшылардың бірнеше ұрпағы ауысып, мыңдаған жанның маңдай тері төгілді. Қара алтынды игеруде өмірін арнаған аға буын мерейтой қарсаңында кенорнында мейман болды. Мұнайшылар қалашығындағы мереке ардагерлер мен бүгінгі буынның кентке кірер тұстағы 40 жылдыққа арналған ескерткішті ашуымен басталды. Кен орын алғаш ашқан ардагерлермен мереке қонақтары ескерткіштің ашылуынан соң Қаламқас жерінде алғаш мұнай бұрқағы атқылаған нөмері 66-шы ұңғыма орнында болып естеліктермен бөлісті. Оданәріғимаратыныңөзітарихи жәдігерге айналған «Еңбекдаңқы» музейінаралады. Кен орнының бар тарихынішінесыйдырғанмұражаймен танысқанардагерлер,бүгінгіұрпаққолданыпжатқантехнологияларменде танысты. Бұлкүні-Қаламқаскенішініңажарыартып, көркікіретүскен. Маңғаз даланың байлығын игеруші мұнайшылардың да көңіл-күйі көтеріңкі. Қалашықтың орталығында өткен салтанатты жиында алдымен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Жарты өмірі түзде – Қаламқас жұмысшы қалашығында өткен байырғы мұнайшыларға аталмыш мереке құрметіне орай тұңғыш рет белгіленген "Қаламқас кентінің құрметті азаматы" атағы мен "Қаламқас кен орына -40 жыл" мерекелік медалі табысталды. Елдегі ірі компания «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнайының 70 пайызын Қаламқас кенорны өндіреді. Сондықтан да аймақ экономикасында бұл кенорнының ойып тұрып алар орыны бар. Еңбегіне қарай – салмағы. 40 жылдық мереке бұрынғыдан өзгерек өтті. Елеусіз, ескерусіз қалғандар болмады. Алдыңғы буын ағалардан соң бүгінде сол кеніштің басында тынымсыз еңбек етіп жатқан еңбеккерлерге кезек келді. Сала үздіктері "Қаламқас кен орынына 40 жыл", "Қазақ мұнайына 120 жыл" мерекелік медальдарын тақты. Мұнайшылар – бүгінгі күннің батырлары. Олардың ерліктері – қысы-жазы ашық аспан астында қара алтын өндіруге қосқан өлшеусіз үлестері. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама аясында кеніште алғашқы мұнайдың атқылауы, "Қаламқас" атауының тарихын баяндайтын театрландырылған қойылым қойылды. Екі күнге созылған мұнайшылар мерекесінде қазақ эстрадасының жұлдызы – Төреғали Төреәлі, өнерпаз мұнайшылар – «Қаламқас» вокалды-аспаптар ансамблі, мұнайшылар Қайрат Қарабалаев, Әлімжан Бөлекбаев мереке көркін кіргізіп, әннен шашу шашты. Мереке иелеріне арнап ақшаңқан үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті. Жалғасы бар.
"МаңғыстауМұнайГаз" АҚ Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84767,84768,84769,84770,84771,84772,84773,84774,84775,84776,84777"]