Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Жаһандық құндылықтар және қазақстандық білім мен ғылымның сапасы» атты білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық форумы басталып, пленарлық мәжіліс алдында бірнеше секциялар өз жұмыстарын қызу дайындықпен бастады. Аталған форумға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Қалиева Эльмира Ізмұханқызы қатысты. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында ҚР Білім және ғылым вицеминистрі Б.Асылованың модераторлығымен өтіп жатқан «Өзін-өзі тану» адамгершілікрухани білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» секциясына ҚР БжҒМ Раиса Петровна Шер, «Бөбек» ұлттық-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Елена Николаевна Сакенова және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі білім беру ұйымдарының басшылары, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының үйлестіру кеңесінің мүшелері, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ басшылары және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша тренерлер қатысып, жаңа оқу жылында алға қойылған міндеттерді талқылады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы біліктілік арттыру курстарының ұйымдастырушылары болып табылады. Сонымен қатар секцияда 2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына арналған әдістемелік құралдардың қажеттілігіне, білім беру ұйымдарын ақпараттық қолдауға, «Өзін-өзі тану» пәнінің берілу сапасын тексеруге, «Ата-ана қамқоршылығы» халықаралық қоғамдық қозғалысының жұмысына қазақстандықтардың қатысуына, пәндер мен сынып сағаттарының, тәрбиелік шаралардың «Өзін-өзі тану» пәні ұстанымдарының басым бағыттарымен ықпалдастырылу мәселелеріне баса көңіл бөлінді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ