Бүгін, 5 қыркүйекте Ақтау қаласының теңіз портында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов ҰҚК Шекара қызметінің экипажына берілген «Нұр-Сұлтан» кемесін және әскери-теңіз туын салтанатты түрде табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Салтанатты шараға ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры және өңірлік Жағалау күзеті, «Батыс» өңірлік басқармасының жеке құрамы, сонымен қатар Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қатысты. ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті өңірлік басқармасының бастығы Әлібек Каюпов әскери шептің дайындығы жөнінде баянат беріп, оны ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов қабылдады. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84843,84844,84845"] К.Мәсімов Шекара қызметі өңірлік Жағалау күзеті басқармасының шекарашыларын атаулы оқиғамен құттықтап, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі олардың қосып жатқан үлестерінің аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қоса мемлекетіміздің теңіздегі шебін қорғауда еңбектеріне толағай табыс тіледі. Шекара қызметінің шекарашы жауынгерлері мемлекеттік шекараның тұтастығы мен қол сұғылмауын қамтамасыз ету және шекара кеңістігінде заңдылық пен белгіленген тәртіпті сақтау мақсатында ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету жөніндегі міндеттерді абыроймен орындайды. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84846,84847,84848"] 206 борттық нөмірлі жоба 2018 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен салынған. Экипаж Каспий теңізінің мемлекеттік шекарасының су үсті бөлігін қорғауға ғана емес, мұндағы мұнай-газ кешені объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Іс-шара өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің имиджін көтеруге бағытталған. Жалғасы бар.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84849,84850,84851"]