Бүгін, 5 қыркүйек күні ҚР Ішкі істер министрлігінің бастауымен МО Полиция департаментінде «Парасатты полицей» атты республикалық байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген өзге ұлт өкілдерінен құралған 21 команда бақ сынайтын болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізіліп жатқан бұл сайыстың мақсаты – ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Байқаудың алғашқы күнін тәртіп сақшылары қызмет бабында қаза тапқан әріптестеріне арнап орнатылған обелискке гүл шоқтарын қойып, үнсіздік жариялап, олардың естен кетпес ерлігі алдында тағзым етуден бастады. Байқауға арнайы келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Арыстанғали Заппаров және Маңғыстау облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеребе тарту рәсімімен жалғасты. Бұл байқау арнайы таңдап алынған «Достық үйінде» өткізіледі, онда 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Каспий маңындағы бес мемлекет президенттері бас қоққан саммиті өткендігін Қ.Таймерденов атап айтты.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84859,84860,84861,84862,84863,84864,84865,84866,84867,84868,84869"]