• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Герпетология фаунасы – шөлді экожүйенің маңызды компонеттерінің бірі

    [ 2019 ] 29 тамыз, 10:21  |  Жаңалықтар

    Герпетология фаунасы – шөлді экожүйенің маңызды компонеттеррінің бірі болып табылады. Алғашында Маңғышлақпен Үстіртте қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды бақылау және коллекциялық жинақтау жұмыстары XIX ғасырдың басында жүргізіліп басталғаны мен, географиалық таралуы және биотоптық үлестірілуі, олардың саны мен жеке түрлерінің экологиясын анықтау әлі де талап етіледі. Герпетологиялық зерттеу барысында келесі қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың түрлік құрамы және биологиясы туралы мәліметтер белгілі болды. Жасыл құрбақа – Bufo (Pseudepidalea) viridis Laurenti, 1768. Маңғыстау облысында кеңініен таралған және кейбір жерлерінде өте көп кездеседі (Дуйсебаева, 2012). Тұщы су қоймаларында өсіп-өніп көбейуге бейімделген. Түнде белсендірек тіршілік ететеді. Үш түрлі жерде кездесті, көбінесе жаңбыр суы жиналған жерлерде тіркеліп анықталды. Дала тасбақасы – Agrionemys horsfieldii (Gray, 1844). Маңғыстау облысы үшін кең таралған, кейбір жерлерде өте көп кездесетін, ареалы тұтас эвритопты түр (Дуйсебаева, 2012). Күндіз белсенді тіршілік етеді. Қарынжарық құмында санап өткенімізде бір гектарға он бастан келді. Шиқылдауық жармасқы – Alsophylax pipiens (Pallas, 1814). Маңғыстауда өте сирек кездесетін түр, ареалы теңбіл тараған, бұрын бір-екі кездесулер тіркелген (Дуйсебаева, 2012). Түнде белсенді тіршілік ететеді. Қорық аумағында осы күнге дейін бірден бір кездесулер тіркелген жоқ. 2017 жылдың маусым айында қарақия ауданы бойнша оң түстігінде зерттеу жұмыстары барысында алғашқы кездесу болды. Тақыр жағасынан жобамен он метрдей орта беткейіне қарай кездейсоқ жатқан жайпақ тастың астынан жалғыз бір аналығы табылды. Тарақсаусақты жармасқы – Crossobamon eversmanni (Wiegmann, 1834). Манғыстауда өте сирек кездесетін стенотопты псаммофилді (құмсүйгіштер) түрі, ареалы теңбіл тараған. Бұрын ара-тұра жалғыз кездесулер тіркелген (Дуйсебаева, 2012). Қорықта бұрын соң кездесулер болмаған. 2017 жылдың маусым айындағы экспедицияда екі жерде Түйесу құмдары мен Қарынжарық құмдарында бір гектар жерге үш басы кездесті. Сұр жармасқы – Mediodactylus russowii (Strauch, 1887). Маңғыстау облысы бойынша кең, ариалы тұтас таралған, (Дуйсебаева, 2012). Бұлтты, күңгірт күндері түнде белсенді өмір сүреді. Көбінесе вертикалды жерлерге бейімделген, тас жоталарында, бұзылған ғимараттарда сексеуілде мекендейді. Каспий жармасқысы – Cyrtopodion caspius (Eichwald, 1831). Маңғыстау облысы бойынша кең таралған, ариалы тұтас таралған, (Дуйсебаева, 2012), синантроптық өмірге бейімделген (адам мекеніне қоныстану). Бұлтты күндері және түнде белсенді өмір сүреді. Алты кездесу болды, оның жартысы адам құрған құрылыс ғимараттардың ішінде болғандығы жазылып тіркелді. Жылтырауық жармасқы – Teratoscincus scincus (Schlegel, 1858). Маңғыстауда сирек кездесетін стенотопты псаммофилді (құм сүйгіштер) түрі, ареалы теңбіл тараған (Дуйсебаева, 2012), Босаң бекітілген үлкен құмды массифтерде кездеседі. Екі жерде кездестірдік Түйесу құмымен Қарынжарық құмдарында. Түнде белсенді өмір сүреді. Бұрын герпетологтар 2010-2016 жыл аралығында Қарынжарық құмдарынан табуды көздеген еді, бірақ сәті түспеген еді. Мезгілді дұрыс таңдау маңызды, сәуір қыркүйек айлары салқын болатындықтан кездесу мүмкіндігі азырақ болады. Дала ешкіемері – Trapelus sanguinolentus (Pallas, [1814]). Әдетте кейбір жерлерде жаппай кездеседі, Маңғыстау облысында кең таралған фонды эвритопты түр, ариалы тұтас жайылған (Дуйсебаева, 2012). Күндіз белсенді өмір сүреді. Қарынжарық құмында бір гектар жерге бес бас дала ешкемерін санадық. Тақыр кесірткесі – Phrynocephalus helioscopus (Pallas, 1771). Литературалық мәліметтерге сүйенсек Маңғыстау облысы бойнша шөлді жерлерде жаппай кездеседі, кең таралған, ариалы тұтас жайылған түр (Дуйсебаева, 2012). Біздердің мәліметтеріміз әдетте кең таралған түр, ареалы теңбіл тараған. Өсімдіктері ара-тұра өсетін, тақырлар мен сор жерлерде өмір суруге бейімделген түр. Жалғыз кездесу болды. Бір гектар жерге үш бастан келеді. Батбат кесіртке – Phrynocephalus mystaceus (Pallas, 1776). Маңғыстау үшін кәдімгі, стенотопты псаммофилді (Құмдық жерлерде), ареалы теңбіл тараған түр (Дуйсебаева, 2012). Босаң бекітілген үлкен құмды массифтерде кездеседі. Күндіз белсенді өмір сүреді. Көбінесе Түйесу құмдарында кездеседі. Бір гектар жерге үш бастан келеді Ортан кесіртке – Eremias intermedia (Strauch, 1876). Маңғыстауда әдетте кең таралған, ареалы теңбіл тараған түр (Дуйсебаева, 2012). Күндіз белсенділік танытады. Біздің білуімзше ортан кесіртке Маңғыстауда бекітілген және жартылай бекітілген құмдарда жие кездеседі. Түйесу құмдарымен Қарынжарық құмында кездестірдік. Бір гектар жерге үш бас санадық, Түйесу құмында кездесті. Шапшан кесіртке - Eremias velox (Pallas, 1771). Маңғыстауда әдетте көптеп кездеседі, кең таралған, ареалы тұтас тараған фонды түр (Дуйсебаева, 2012). Тығыз топрыақты ұнатады. Күндіз белсенділік танытады. Он алты жерде кездестірдік. Ең көп шоғырланған жерде бір гектарға 10 – 15 бастан кездесті. Құм айдаһаршасы – Eryx miliaris (Pallas, 1773). Маңғыстауда әдетте кең таралған, ареалы теңбіл тараған түр (Дуйсебаева, 2012). Көп кездеспеді, көбінесе інінде жасырынып жататындығы болар. Полифазалық, күнге талас белсенді болуы керек. Құм айдаһаршасы үш бөлек жерде кездесті. Үшеуінің екеуі буаз аналығы болып шықты. Құмды массивтен алыс орналасқан, тығыз сазды жерде табылды, демек шағыл құмда өмір сүруі аса маңызды емес екенін байқадық. Сондықтан ареалы тұтас және эфритопты болуы мүмкін. Үшіншісі быржылдық жас құм айдаһаршасы Қарынжарық құмындағы малшылардың ескі құдығының жанындағы бетонды су қоймасының ішінен табылды. Төртжолақты қарашұбар жылан (Сарүйек) – Elaphe sauromates (Pallas, 1811). Маңғыстауда әдетте кең таралған, эвритопты ареалы тұтас түр (Дуйсебаева, 2012). Осы күнде бауырымен жорғалаушылардың бұрынғы Elaphe quatuorlineata таксондық атауымен III-ші дәрежелі, Қазақстан Республиксының Қызыл кітабына еңген жалғыз түрі, аз зерттелген, тек қана шектеулі аймақтарда кездеседі (Брушко, Зима, 2010). Күндіз белсенділік танытады. Үстірт қорығы аумағында екі басы Көкесем мен Кендірлі жерлерінде кездесті. Тағыда қосып кететініміз, Сарүйектің етін жергілікті адамдар халық еміне қолданады, заңсыз ұстап өлтіру жыландардың азайып және жойылып кетуіне қауіп төндіреді. Карелина қарашұбар жыланы – Platyceps karelini (Brandt, 1838). Сирек кездесетін, бірақ Маңғыстау үшін кең таралған эвритопты түр, ареалы тұтас(Дуйсебаева, 2012). Күндіз белсенділік танытады. Екі жерде үшеуі табылды, біреуі жас, Үстірт қорығының шың жиегінде тіркелді, ал екеуі ересек аталығы мен аналығы Төлей-ата қорымында кездесті. Оқжылан – Psammophis lineolatus (Brandt, 1838). Маңғыстауда әдетте кең таралған, эвритопты, ареалы тұтас түр (Дуйсебаева, 2012). Каспий теңізінің жағалауындағы су жыланын есепке алмағанда, аумақ бойынша саны көп және өте көп кездеседі. Алты жерде кездестіріп тіркеп алдық. Диадемді қарашұбар жылан – Spalerosophis diadema (Schlegel, 1837). Маңғыстау облысында өте сирек кездесетін түр, ареалы теңбіл. Бұрыңғы деректерде бірең-сараң кездесулер тіркелген (Дуйсебаева, 2012). Өмір сүру тәртібі Полифазды. Үстірт қорығының аумағында он жылдан бері диадемді қарашұбар жыланды кездесу туралы деректер болған жоқ, бірінші рет 2016 жылы күз айында таптық. 2017 жылы экспедиция барысында Үстірт қорығы аумағындағы Кендірлі жерінде, құмтышқандардың індерінің жанынан, ересек аталығы мен аналығы табылды. диадемді қарашұбар жыланы Қазақстанда өте сирек кездеседі, осы күнге дейін он бір нақты кездесулер тіркелген (Дуйсебаева и др., 2010), сондықтан Қазақстан Республикасының Қызыл кітап тізіміне еңгізуді ұсынамыз. Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданының оңтүстік бөлігіндегі 2017 жылғы көктемгі зерттеу экспедициасында қосмекенділердің бір түрі және бауырымен жоғалаушылардың 16 түрі (тасбақаның – 1 түрі, кесірткенің – 10 түрі, жыланның – 5 түрі) белгілі болды. Герпетологиялық көз қараспен қарағанда, көп жылдар бойы кездестірілмеген түрлерден шиқылдауық жармасқының, тарақсаусақты жармасқының, диадемді қарашұбар жыланының табылғандары маңызды және таңқаларлық болды.

    Ақтан МУХАШОВ Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Суреттерді ұсынған автор

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84581,84580,84579,84578"]
    1741
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстауда жастар киіз тәпішке жасап, үй пісірмелерін дайындайды

    Келесі жаңалық

    Отыншы КӨШБАЙҰЛЫ: «Бала кезімде қариялардан естіген әңгімелерім әлі құлағымда»

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      4928

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4561

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      3867

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      3897

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      4834

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4388

      Рубрикалар

        СпортТүпқарағанМәселеӘдебиетҚарақияЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»