Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған «Ақтау кубогы» халықаралық турнирі аяқталды. Дүбірлі додада Маңғыстау облысы құрамасы 1-орынды қанжығасына байлады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Турнир самбо және жауынгерлік самбодан ерлер және қыздар арасында өтті. Спортшылар 52 келі, 57 келі, 62 келі, 68 келі, 74 келі, 82 келі, 90 келі, +100 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ал самбо күресінде қыздар 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Екі күнге созылған жарыста маңғыстаулықтар көш бастады. Олар 13 атын, 12 күміс, 18 қола жүлдемен 1-орынға ие болды. 2-орын Қарағанды облысынан келген самбошыларға бұйырды. Қарағандылықтардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар. Ал Түркістан облысы 1 алтын, 2 қола жүлдемен 3-орынға жайғасты. Турнир аясында облыстағы самбо күресінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. ҚР самбо федерациясы президенті Рафил Жошыбаевтың бұйрығымен спорт жанашырлары «самбо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін» медальімен марапатталды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН, Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="83750,83751,83752,83753,83754,83755,83756,83757,83759,83760,83761,83762,83763,83764,83749"]