Ақтауда өткен жағажай волейболынан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыста маңғыстаулық ойыншылар 3-орынды иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Финалдық нәтиже бойынша ерлер арасында І орынды "Алматы-1" командасының ойыншылары Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату иеленсе, "Алматы-2" тобынан Алексей Сидоренко, Кирилл Гурин ІІ орынды қанжығасына байлады. ІІІ орынға Маңғыстау командасынан Павел Алейник пен Сергей Цыкунов ие болды. Ал әйелдер арасында І орынды Алматы облысынан келген Ирина Цымбалова мен Татьяна Машкова алса, ІІ орынға маңғыстаулық Бақтыгүл Самаликова мен Анастасия Уколова жайғасты. Ал ІІІ орынды Маңғыстау-2 командасының ойыншылары Алена Чугайнова мен Дана Шингисова иеленді. Бұдан бұрын спартакиаданың басталғаны туралы хабарлаған едік.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді "Каспий" кәсіби волейбол клубы ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="83678,83679,83680"]