Маңғыстауда арнайы операция барысында қылмыстық топ құрықталды
[ 2019 ] 31 шілде, 08:05 | Жаңалықтар
30 шілде күні Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Маңғыстау аймағындағы қылмыстық топтың 8 мүшесі А. Айткалиев, Е. Арықбай, Ж. Жанбырбаев, Р. Жексенбаев, Е. Зорбай, Ж. Базарбаев, Д. Бимырза және С. Кенғановқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мәлімдеуінше, тұрғылықты жері бойынша тінту шараларымен ұсталғандардан "ТТ" және "Макаров" пистолеттері, сөндіргіші бар револьвер, "Сайга" жүйесінің карабині, 3 травматикалық тапанша, 9 қысқа мылтық, және оларға 160-тан астам оқ-дәрілер мен есірткі құралдары, түрлі суық қару, сондай-ақ, 5,6 млн. теңге соманы құрайтын ақшалай қаражат табылып, тәркіленген. 29 шілдеде Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Ішкі істер Министрлігімен бірлесіп Маңғыстау облысында әрекет еткен қылмыстық топтарға қатысушылардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерін кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізуді бастаған еді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
1023
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.