Қордың бизнес және жобаларды акселерациялау бойынша атқарушы директоры Данияр Байғараев бастаған делегация Түркияда тұратын отандас бизнесмендермен кездесті. Кездесуге «El Tiregi» Қазақстанның шағын және орта бизнесі Қауымдастығының Басқарма Төрағасы Асқар Әубәкіров пен «КАТКА» қазақстан-түрік кәсіпкерлері қауымдастығының Бас хатшысы, «Business & Travel Central Asia» атқарушы директоры Дінмұхаммед Зиятбеков, сонымен қатар бизнеске инвестиция тарту және дамыту ісі бойынша шақырылған сарапшылар қатысты. Шара «Отандастар» Қорының Түркиядағы отандастармен ағымдағы жылдың 31 шілдесінде ұйымдастырған бизнес форумы аясында өтті. Кездесудің басты мақсаты отандас бизнесмендердің бизнесін Түркиямен қатар Қазақстан нарығында да дамытуға қажетті қолдауды талқылау. Қазақстандық делегация кездесу барысында арасында дастархан шығарумен айналысатын Акйол тәрізді компания бар отандастардың кәсіпорындарымен танысты. 50 жылдық тарихы бар компания толық автоматтандырылған, жақсы импорттық әлеуеті бар. Компанияда бүгінде жұмыс істейтін 38 адамның басым бөлігі этникалық қазақтар. Компания басшысы Эюп Акйолдың өзі 20 ғасырда Түркияға қоныстанған қазақтардың ұрпағы екен. Тарихи Отан, бауырлар жайында тебірене толғанған ол өз жинаған тәжірибесі мен білімін осы бизнеспен айналысқысы келген немесе Қазақстанда филиал ашуға ниеттенген кез келген отандасына беруге дайын екенін жеткізді. Акйол мырзаның өзі бизнесін 10 жылдан астам уақыттан бері тарихи отанда ашуды жоспарлап жүргендіктен делегацияның келгендігіне және Қазақстанның Түркия азаматтары-этникалық қазақтарға көмектесуге мүдделі екендігіне өте қуанды. Делегацияның келесі ат басын тіреген жері дастархан, линолиум, шанақ бөлшектерін жинақтап, сәндік безендіруді өндірумен және екіншілей қайта өңдеумен айналысатын компания болды. Компанияны екінші буынды эмигрант, этникалық қазақ Ифран Севенчан басқарады. Өндіріс соңғы өнімдерінің өзіндік құнының төмендігі, сапасының жоғарылығы арқасында Стамбұлдағы ұқсас өнімдер арасындағы көшбасшылардың бірі болып танылған. Бүгінде компанияда 10-ға тарта адам жұмыс істейді. Ендігі жоспар Алматыда филиал ашу. Диаспора өкілдерімен іскерлік байланысты дамыту туралы жаңалықты Севенчан мырза зор қуанышпен қарсы алды. Оның айтуынша этникалық қазақтардан шыққан көптеген бизнес өкілі іскерлік байланыс орнату мен жаңа рынокты зерттеуге мүдделі. Бұдан кейін делегация киім мен оның ерекшеліктерін, сумкалар және портфелдерді әшекейлеумен айналысатын компанияға барды. Компанияны қазақ диаспорасының мүшесі, Түркияда туған Омер Чорухлу басқарады. Компанияның өндірістік қуаты мол және өнімдерін АҚШ, Еуропа, Эфиопия, мен ТМД елдеріне шығарады. Компания Қазақстан қалаларының бірінде Өкілдігін ашуға қазірдің өзінде дайын. Делегация сапарын Қазақстан нарығына шығуға мүдделі, күртеше, тон, тұлып тігумен және сатумен айналысатын Түркияның азаматы, отандасымыз Мұстафа Акюздың кәсіпорнымен танысумен аяқтады. Делегация өкілдері отандастарды бизнесті дамытуда және жүйелі негізде берік іскерлік байланыс орнатуда мүмкіндігінше қолдау болатынына сендірді. Басты міндеті Қазақстанмен қатар шет елде бизнес жобаларды іздеу және дамытуға көмек көрсетуге бағытталған «Атамекен» іскерлік үйін құру жобасы туралы айтты. Ұйымдастырушылардың ойластыруы бойынша дүниежүзілік Қазақ үйі құрамына кіретін жоба саясат пен коммерциядан тыс болады.