Бүгін 27 маусым күні маңғыстаулықтар Арыс тұрғындарына 40 млн теңге және 5 тонна гуманитарлық көмекті теміржол арқылы жіберді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Бүгінгі күнге дейін 40 млн теңге, 5 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Оның ішінде азық-түлік, жеке гигиена құралдары, матрас, дәрі-дәрмек, киім-кешек, қажетті деген заттар бар. Бүгін таңертең теміржол арқылы Арыс тұрғындарына алғашқы көмегімізді жөнелттік. Әлі де көмек қолын созып жатқан, «Арыс, біз біргеміз» атты жалпы қазақстандық акцияға қатысуға ниетті тұрғындар көп. Алдағы уақытта жиналған гуманитарлық көмек тағы да жолданады», - дейді «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі. Айта кетейік, Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерді қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратында гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылған болатын. Осы орайда облыс тұрғындары арыстықтарға заттай және қаржылай көмек беруді әлі де жалғастырып жатыр. Қаржылай көмек көрсеткісі келетін тұрғындар «БанкЦентрКредит» АҚ есепшотында ашылған «Мы люди – Мы вместе» қорына аудара алады. ИН:150740003475БеК/КБе18. Көмек көрсету пунктінің мекенжайы: Ақтау қаласы 33 шағынаудан «Маңғыстау Арена» ғимараты және 32 «б» шағынаудан 12 үй. Сағат 09:00 — 19:00 аралығында қабылдайды. Байланыс телефоны: Иманғазы Досмухамбетов – 87028210650
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді ұсынған «Nur Otan» партиясы МО филиалы баспасөз қызметі
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="82297,82293,82292"]