Қызылордада өтіп жатқан Бокстан V жазғы Қазақстан Спартакиадасы аяқталды. 4 бірдей боксшысы жүлдеге ие болған Маңғыстау командасы жалпы есепте 2-орынға табан тіреді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 56 келі салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Нұрбол Қалжанов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 60 келі салмақта жұдырықтасқан Саматәлі Төлтаев 2016 жылы Қазақстан чемпионы атанған Әділет Құрметовтен басым түсіп, 1-орынға ие болды. 81 келіде рингке шыққан маңғыстаулық Ерік Әлжанов астаналық Нұрбек Оралбайға жол беріп, күміс медальді қанағат тұтты. 91 келіде бокстасқан Бекзад Нұрдәулетов 3-орынға ие болды. Қызылордада өткен Спартакиадаға республиканың облыс, қалаларынан 146 спортшы қатысты. Жалпы есепте бес алтын, бір күміс және екі күміс медальмен Нұр-Сұлтан қаласының командасы бірінші орынға ие болды. Екі алтын, бір күміс, бір қоланы қанжығасына байлаған Маңғыстау облысының командасы екінші орынға көтерілді. Жеті күнге созылған спартакиадада командалық есепте үшінші орынды Түркістан облысы алды. Түркістандықтар бір алтын, бір күміс және екі күміс медальға қол жеткізді.
Суреттер Маңғыстау Бокс Клубы парақшасынан
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78897,78899,78898,78896"]