Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов пен Ақтау қаласының әкімі соғыс және тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, Жеңіс мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Облыс басшысы Е. Тоғжанов алдымен Қамқа Үмбеталинаның шаңырағында болды. Қамқа Үмбеталина - 1942 жылы әскер қатарына шақыртылған, қазір 96 жаста. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде 9-шы әуе әскерінде 1-ші Қиыр Шығыс майданында ұшқыш болып қызмет еткен. Ұшаққа бомбо тиеп, оны жау жеріне тастауда ерлік көрсеткен батыр әже. [caption id="attachment_78918" align="aligncenter" width="1024"] Тыл ардагері Табын Оржановтың отбасы[/caption] Одан соң тылда еңбек еткен жандардың бірі Табын Оржановты құттықтады. Сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі, жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес. Табын Оржанов - майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақытылы жеткізумен қатар ауылда қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалаған жан. Болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге облыс басшысы жылы лебізін білдірді. «Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбіршілі мен ерлігі, ерекше табандылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді білуі тиіс», - деді аймақ басшысы. Өз кезегінде, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты. [caption id="attachment_78920" align="aligncenter" width="1024"] Соғыс ардагері Ольга Заривняк. Суретті Ақтау қаласы әкімдігі ұсынды[/caption] Одан соң Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов майданда қолына қару алып, ерлермен бірге ел қорғаған соғыс ардагері Ольга Заривняк пен тылда аянбай еңбек еткен Анна Мандрикованы жеңіс күнімен құттықтады. Аналарға жылы лебізін арнап, сыйлықтар табыс еткен қала әкімі бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ешқашан назардан тыс қалмайтынын жеткізді. [caption id="attachment_78919" align="aligncenter" width="1024"] Тыл ардагері Анна Мандрикова[/caption] Ал ардагер аналар елдің амандығын, ұрпақтарының бейбіт елде өмір сүргенін тілеп, ақ батасын берді.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ